Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Отбасы банк” қызметкерлері жергілікті тұрғындармен кездесіп, тұрғын үй субсидиясы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Тұрғындар субсидия алуға өтінішті otbasybank.kz платформасы арқылы бере алады. Бағдарлама шарты бойынша үй кезегіне тіркелген 1 және 2 топ мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі баласы бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен көп балалы отбасылардың өтініші қаралады.
Ал жобаға қатысушының соңғы 6 айдағы табысы адам басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек. Яғни отбасындағы 1 адамға 37 389 теңгеден түсуі тиіс. Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 1400-ден аса азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялауға жолданған өтінімі мақұлданған.