Түркістанда көпбалалы отбасыларды кәсіпкерлікке тарту жұмысы қарқынды түрде қолға алынған

Түркістанда ерекше балалар үшін барлық жағдай жасалуда. Халықты қорғау бөлімінің басшысы мүмкіндігі шектеулі және даму ерекшелігі бар балалар үшін қайырымды жобаны қолға алды. Яғни, мамандар алдымен балалардан нені армандайтынын сұрайды, ал кейін кәсіпкерлердің көмегімен бүлдіршіндердің тілегін орындайды.

Сондай-ақ, Түркістан қаласында  Мемлекет басшысының тапсырмасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Президент жастар мен көпбалалы отбасыларды кәсіпкерлікке тарту керектігін айтты. Мемлекеттік грант есебінен кәсібін бастаған бизнес иелері тұрақты табысын қамтамасыз ете отырып, өзінің кәсіпкерлік әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға мүмкіндік алады.

Кез келген адам Түркістан қаласының жұмыспен қамту және халықты қорғау бөліміне жүгіне алады. Қызметкерлер тек бизнес дағдыларын игеруге ғана емес, сонымен қатар өз ісін жүргізу бойынша да шеберлік сабақтарын ұйымдастыратынын атап өтті.