Түркістанда тұңғыш рет қазақ күресінен Азия кубогы өтеді

31

Түркістанда алғаш рет қазақ күресінен «Тұран барысы» Азия кубогі өтеді. Дүбірлі дода қазан айының 29-на жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі турнирде Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары бақ сынайды. Кубок «командалық бетпе-бет» олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді.

Спортшылар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдеседі.