Түркістанда жол апатына ұшыраған көлік жанып кетті

66

Ордабасы аудандық полиция бөліміне 20.10.2022 жылы сағат 10:51 шамасында «Шымкент-Самара» тас жолында жол апаты орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.
Анықталғандай, «Nissan Elgrand» автокөлігінің жүргізушісі Түркістан қаласына қарай бағытына қарай келе жатып, өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан «Mersedes Bens» маркалы жүк көлігіне, одан соң жол ортасындағы қоршауға соқтығысу арқылы жол-көлік оқиғасы орын алған.
Көлік сол жерде өртенген.
Салдарынан «Nissan Elgrand» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал 1 жолаушы ауруханаға жатқызылған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Екі автокөлікте айыптұраққа қойылды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы анықталуда.