Түркістандық кәсіпорын сүт өндіру аясын кеңейтпек

12

Түркістанда күніне 15 тонна сүт өндіруге қауқарлы кәсіпорын бар. Ол инновацияларды тиімді қолданып отырған «Бөрте-Милка» сүт фермасы.

Онда қаймақ пен айран, сары май, құрт, балмұздақ және балаларға арналған йогурттың 5 түрін шығарады. Фермада Селекция және генетика орталығы жұмыс жасап, ерекше тұқымды Гольдштейн Фриздің 480 сиырынан төл алып отыр. Сондай-ақ кәсіпорында сауыншылық және басқа да қызметтерді роботтар атқарады.

Сиыр саууға бағытталған 8 робот 1 сиырдан күніне 30-40 лирт сүт алады. Толықтай жаңа технологиямен жабдықталған ферма табиғи өнім өндіріп, 2019 жылы “жыл бренді” номинациясын иеленді.