Елде жаңа көліктердің саудасы артты. Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, өткен айда 11 мыңнан аса жеңіл көлік сатылған.
Сонымен бірге 929 коммерциялық автомобиль саудаланды. Жалпы биыл 87 мыңға жуық көлік сатылды. Көбі жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы темір тұлпар мінді. Әсіресе 4 мың Chevrolet, 2,6 мың Hyundai маркалы көлік сатылған.