Шымкентте «Жер алып беремін» ден танысын сан соқтырып кеткен азамат ұсталды. Абай аудандық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, танысы «Шымкент қаласынан жер алып беремін» деп, 2 000 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған.
Аталған дерек ҚК-тің 190-бабымен тіркелді. Жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті азамат қала аумағынан тәулік ішінде қолға түсірді.
Ол Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған, жұмыссыз азамат екені белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Жәбірленушіге келтірілген шығын толықтай өтелді.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.