Жол құрылысының 75 пайызы аяқталған

33

Бір үйден екі-үш көлік шығатын үшінші мегаполисте көлік кептелісі күрделі мәселеге айналып келеді. Аталған мәселені шешу үшін жолайырық құрылыстары жүргізіліп, айналма жолдар салынуда.

Агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан мегаполисіміздің көшелерінде көлік кептелісін азайту бағытында айналма жолдарды дамыту жұмыстарының маңыздылығы да арта түсуде.
Айналма жолдар салу бағытындағы жобалардан “Ленгір” тас жолынан бастау алып, “А-2 Шымкент-Ташкент” автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Былтырғы жылы басталған нысанның жалпы ұзындығы – 16 шақырымды құрайды.
Қазіргі таңда “Шымкент-Ташкент” жолында қиылысатын бөлікте көпір құрылысы және жол жабыны жұмыстары жүргізілуде. Қазір жолдың 5 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары, 4,2 шақырымына асфальт жабындысының 1-қабатын төсеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар жолайырық аумағында, байланыс, электр қуаты, табиғи газ, сыртқы сумен қамту жүйелері орындарын ауыстыру жұмыстары қатар жүргізілуде. 2023 жылы жоба жұмы жоба жұмыстары толығымен аяқталады.
Бұдан бөлек, Шымкентте “Шығыс” айналма жолының құрылысы да қарқынды түрде жүргізілуде. Күні кеше қала әкімі М.Әйтенов құрылыс барысы мен жұмыс сапасын арнайы барып тексерді.
Айтып өтейік, “Шығыс” айналма жолының құрылысы былтыр басталды. 1-кезеңі №1 автожолынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықты, яғни ұзындығы 3,9 шақырым, ені 60 метр 4 жолақты жолды қамтиды.
Қазіргі таңда жол негізін әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, құрылыс 2023 жылдың 1 тоқсанында толығымен аяқталмақ. Бүгінгі күнге дейін жұмыстарының 75 пайызы  орындалды. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталғанда қаладағы көлік кептелісі мәселесі шешімін табады деген жоспар бар.