Электронды төлем жүйесі енгізілмек

19
фото Астана Ақшамы

Цифрлық теңге – цифрлық эволюцияның жаңа қадамы. Ұлттық банк электронды төлем жүйесін жан-жақты зерттеп, нарыққа енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда. Орталық банк қазір пилоттық жобаны іске асырып, қаржы нарығының білікті мамандарымен, сарапшылармен және халықаралық әріптестерімен бірлесе жұмыс жүргізіп жатыр. Ол жайында бүгін Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің Х Конгресінде айтылды.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы: «Біз бұл мәселеде айтарлықтай алға жылжыдық. Мақсатымыз – инновациялық мүмкіндіктерге жол ашу, тұтынушылардың қауіпсіздін қорғау. Қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету. Біздің ұсынысымыз бойынша цифрлық тенгені енгізу туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды».