Келер жылы Қазақстанда цифрлық теңге қолданысқа енеді

26
фото Егемен.кз

Қелер жылы Қазақстан аумағында цифрлық теңге қолданысқа енеді. Қазірдің өзінде арнайы платформаның бірінші кезеңі іске қосылды.

Былтыр қараша айында ұлттық валютаның жаңа нысаны айналымға қосылған. Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізуді 2021 жылы қолға алған. Кезең-кезеңімен атқарылған жұмыстың нәтижесін көпшілік келесі жылы көреді. Бір ескеретіні, цифрлық теңге – жаңа валюта емес, криптовалюта да емес, тек жаңа төлем құралы.

Цифрлық теңгенің артықшылығының  сала мамандары да айтуда.  Ең бастысы–қауіпсіздік. Яғни, цифрлық теңге блокчейнге енгізіліп, ақша қатаң бақылауға алынады. Бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканың жолын кесуге көмектеседі. Қарапайым халық үшін де тиімді.