Электр энергиясына сұраныс артқанымен, өндірісі азайып барады

25
"Түркістан" қосалқы станциясында реконструкция жүргізілуде

Елде электр энергиясына сұраныс артқанымен, өндірісі азайып барады. «KEGOC» компаниясының дерегінше, электр станциялары биыл 8,52 млрд кВт өндірген. Ал тұтыну көлемі 8,54 млрд кВттан асады.

Қуат көзінің тапшылығы мамыр айынан басталған. Жарық тек Павлодар мен Атырау облысында жеткілікті. Өзге өңірлерде керісінше қуат көзі тапшы. Сонымен бірге жыл сайын электр қуаты жетпейтін аймақтар көбейіп жатыр.

Рэнкинг агенттігінің зерттеуінше, энергия тапшылығына майнерлердің жұмысы да әсер еткен. Әсіресе , «көлеңкеде» криптовалюта жасаумен айналысқан компаниялардың әрекеті. Жауаптылар энергия көзі жабдықтарының жиі істен шығуы да қуаттың азаюына себеп,- дейді.