Air Astana Алматыдан Бейжіңге тұрақты рейстерді қалпына келтіреді

5

22 қарашадан бастап Air Astana Алматыдан Қытай астанасы Бейжіңге тұрақты рейстерді қалпына келтіреді.

Әуежайларда жанармай тапшы

Ұшулар Airbus A321 LR лайнерімен аптасына бір рет сейсенбі күндері орындалады, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

«KС 267 рейсі Алматыдан 01.35-те ұшып, Бейжіңге 08.30-да жетеді. KС 268 рейсі Бейжіңнен сағат 11.30-да ұшып, Алматыға жергілікті уақытпен 14.45-те келеді», — делінген хабарламада.

Бейжіңге саяхаттайтын жолаушылар қалаға келгеннен кейін 10 күндік карантиннен өтуі керек. Қытайға сапар шегетін барлық жолаушылар, соның ішінде транзиттік жолаушылар ҚХР-дың Қазақстандағы елшілігінде немесе Алматыдағы ҚХР Бас консулдығында денсаулық кодын алуы қажет.