Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатын. Ең алдымен алғашқы медициналық көмекті жетілдіруге, ана мен бала саулығы, ауыл-аймақтардағы денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар биыл Балалар жылы болып жарияланғандықтан, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Атап айтқанда мектептегі медицинаның жаңа тәртібі мен стандарты қабылданады.
Мемлекет басшысы министрліктің жұмыс бағытын қолдайтынын айтып, денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырған болатын. Осыған орай жергілікті жерде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жуырда Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №9 емханада жүкті және босанған әйелдер арасында семинар өткізілді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылдың 28 тамызындағы №92 бұйрығы бойынша жүкті әйелдерді босануға және босанудағы серіктестікке перинатальды дайындық бойынша өткізілді. Жүкті әйелдер арасында тиімді технологияны қолдану, босануға дайындық, дабыл белгілерімен және серіктес босану, емшек сүтімен және перинаталдық күтіммен таныстыру кеңестері жүргізілді. Акушерлік-гинекология және репродуктивті медицина кафедрасының акушер-гинекологы Гребенникова Галина Александровнаға емхана мамандары алғыстарын айтуда.
Білікті маманның берген білімін күнделікті тәжірибеде жүзеге асырып жүр. Емхананың бас дәрігері Р.И. Оразбаева Р.И., тиімді технологияның үйлестірушісі Утешова З.Б., бас дәрігерінің орынбасары Қырықбаева Р.Б., профилактика бөлімінің меңгерушісі Водопянова Р.Т., Исабаева Ж.А., акушер-гинеколог Құлманова К.А. ақыл кеңестерімен бөлісті. Бұдан кейін жүкті әйелдер мен босанатын әйелдер арасында «Жүкті әйелдерді босануға дайындау және босанудағы серіктестік” тақырыбында екінші топпен кездесу ұйымдастырылды. Жүкті әйелдер арасында тиімді технология, босануға дайындық, дабыл белгілерімен және серіктес босану бойынша кеңестер жүргізілді.
Емханада тіркеуде тұратын барлық босану жасындағы аналар жіті назарда болады. Олар босанып болғаннан кейін де баласы да, анасы да дәрігерлердің бақылауынан тыс қалмайды. Босанған ананың үйіне барып жағдайын, жалпы жаңа туылған нәрестенің жағдайын бақылайды. Әрі екпелерін дер уақытында салып отыру үшін де ұдайы ескертпе жіберіледі.