Қазығұрттық ана үшемді дүниеге алып келді

417

№1 облыстық перинаталдық орталықта бір күнде 20-30 сәби дүниеге келеді. Ал көктемнің алғашқы он күндігінде мұнда 265 нәресте дүние есігін ашыпты.

Бұл сәбилердің туылғанына бар-жоғы бес күн толған. Бірінің тұңғышы, енді бірінің үшінші балдырғандары. Сәбилерін аман-есен босанып, қолына алғандары үшін орталықтың мамандарына дән риза.

Айта өтейік, көктемнің алғашқы он күндігінде 265 нәресте дүние есігін ашса, оның алпыс пайызы – ер балалар. Мамандардың айтуынша, орталықта босанатын аналардың денсаулығы сыр көтермейді. Әсіресе, қан қысымы жоғарылары көп дейді. Десе де жыл санап бала туу көрсеткіші көтеріліп келеді. Былтыр мұнда жалпы саны 1558 нәресте дүние есігін ашқан.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wkDPwMbazQM[/youtube]

Есенбек Бекешев, №1 облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары: «Балалардың туу көрсеткішінің көтерілуі қуантады. Бірақ, аналардың денсаулығы нашар. Әсіресе, бүйрек ауруына шалдыққан аналар көп кездеседі.»

Оңтүстікте алтын құрсақты аналар жетерлік. Солардың бірі – Қазығұрт ауданының тұрғыны Құралай Тағаева. Ол мереке қарсаңында үшемді дүниеге алып келді. 29 жасында 8 баланың анасы атанған оның жағдайы жақсы. Нәрестелерінің де денсаулығы қалыпты.

Осылайша орталық мамандары туу көрсеткішінің артқанын айтып, мақтанып отыр. Бұл дегеніңіз, бұйыртса, халық саны артады деген сөз.