Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен қолға алынған «Балаға лайық» акциясының нәтижесінде еліміздегі мектептерде әжетханалар мен асханалардың жағдайы айтарлықтай жақсартылды.
Заңбұзушылық анықталған 100-ден астам мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер жойылды.»Балаға лайық» акциясына осы мәселеге бей-жай қарамайтын еліміздің барлық азаматы қатысып жатыр. Бұл, ең алдымен, оқушылардың өздері, олардың ата-аналары және басқа да қоғам өкілдері. Акция кезінде мектептердің әжетханалары мен асханаларының қанағаттанарлықсыз жай-күйі туралы барлығы 1 000-нан астам арыз-шағым түсті», — деді оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.