Биыл “Әлеуметтік бейімдеу орталығында” 42 азаматқа көмек көрсетті

36

Шымкенттегі «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының” ашылғанына 22 жыл толды. Мекеме қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастамасымен ашылған.

Орталық кәмелет жасқа толған белгілі тұрғылықты жері, жеке басын куәләндыратын құжаттары жоқ және шартты түрде сотталған азаматтарға қызмет көрсетеді. Мұнда тұрғындарға құжатын рәсімдеу, медициналық тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда медициналық ұйымдарға орналастыру, жұмыспен қамту сынды бірқатар әлеуметтік көмек түрін ұсынады.

Қызметкерлер жыл басынан бері 42 азаматтың жеке басын анықтайтын құжатын рәсімдеді. Сонымен қатар 5 тұрғынға зейнетке шығарып, 8 азаматқа мүгедектігіне байланысты жәрдемақы тағайындауға көмек көрсетілді.