Екінші деңгейлі банктердің табысы биыл 899 млрд. теңгеден асты

39

Екінші деңгейлі банктердің табысы биыл 899 млрд. теңгеден асты. Алайда былтырмен салыстырғанда түскен пайда 25 млрд. теңгеге азайған. Елдегі 21 банктің төртеуі шығынға ұшыраған.

Әсіресе жақында атауы өзгерген ресейлік банктің елдегі еншісі Bereke Bank. Санкция салдарынан оның табысынан шығыны 287 млрд. теңгеге көбейген. ВТБ банкінің де 37 млрд. теңге шығыны бар. Бір жыл бұрын ғана бұлар табысты банктердің қатарында еді. Мәселен Bereke Bank былтыр 102 млрд. теңге пайда тапқан.