Елде жыл соңына дейін төртінші ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері радиожиілік спектрін тарату бойынша аукцион өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Сауда-саттыққа ниет білдірген компаниялар қатыса алады. Мамандар жаңа оператордың нарыққа кіруі бәсекелестікті арттырып, қызмет құнының күрт өсуіне жол бермейді деп есептейді.