Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казино ойнаған әскери қызметшілерге қатысты пікір білдірді. Бас прокуратура жариялаған тізімде 95 әскери қызметші бар.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде тізімге іліккен әрбір әскери қызметшінің аты-жөні белгілі. Қызметтік тергеу басталды. Министрдің сөзіне қарағанда, казиноға барған әскери қызметшілер көп ақша ұтылмаған. Олар ойын-сауық мекемесіне білместіктен баруы мүмкін.
Қорғаныс министрлігі алдағы уақытта әскери қызметшілер арасында отбасылық бюджетті жоспарлау және жүргізу бойынша оқыту курстарын өткізуді жоспарлап отыр.