Келер жылы Еңбекші ауданындағы 6 тұрғын алап таза ауыз сумен қамтылады

30

Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапты ауыз сумен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекеніндегі жаңа жер учаскелеріне су тарту жоспарланған.

Биыл “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілді. Онда жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатып жатыр. Ал қалған елдімекендердегі жөндеу жұмысын келер жылы аяқтау көзделген.

Айта кетейік, аудан аумағындағы халық тығыз шоғырланған 35 шағынаудан мен тұрғын алаптың негізгі бөлігі инженерлік жүйемен қамтылған.