Шардарада «жезөкшелер ордасын» ұйымдастырған топ ұсталды

0
ТО ПД баспасөз қызметі

Шардара ауданында «жеңіл жүрістілер» ордасын ұйымдастырып жеңгетайлықпен айналысты деген топ құрықталды.

Полиция мәліметінше жергілікті азаматтар тұрғын үйлердің бірін адам тәнін саудалауға арналған притонға айналдырған. Жедел-іздестіру шарасы барысында 6 күдікті азамат құрықталып, қамауға алынды.

«Полицейлер Шардара қаласындағы іс-шаралар барысында, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру фактісін анықтады. Жедел уәкілдер притонның 2 әкімшісін, Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Сондай-ақ, ақшалай қаражат пен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», – дейді ТО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғалымбек Тұрысбеков.

Ал Жетісайда түнгі уақытта жер қойнауын заңсыз пайдаланбақ болғандар анықталды. 9 адамнан құралған топ басшысы бұрын сотты болған. Оларды тінту барысында 1 жүк тиегіш көлік, 7 жүк көлігі, 2 аңшылық мылтық, патрондар сынды айғақ заттар тәркіленді. Қазір тергеу жүріп жатыр.