Úı ANONS Көлік шинасы бірден 40 пайызға шарықтады

Көлік шинасы бірден 40 пайызға шарықтады

Жыл басынан бері 25 процентке қымбаттаған көлік шинасы қазан айында бірден 40 пайызға шарықтады. Қазір қолданыста болған доңғалақтың орташа бағасы 45 мың, ал жаңасыныкі 80 мың теңге.

Сала мамандары бұған логистиканың қиындауы, инфляция мен сұраныстың артуы себеп дейді. Айтуларынша, қазір шина жетіспеушілігі байқалады. Өйткені жүргізушілер доңғалақты қысқысына ауыстырғандықтан сұраныс жоғары. Ал шиномонтаж қызметі 13 процентке қымбаттады.