Мемлекетке 630 млрд. теңгеден астам ақша мен мүлік қайтарылды

38

Мемлекетке 630 млрд. теңгеден астам ақша мен мүлік қайтарылды, деп мәлімдеді Бас прокурор Берік Асылов.

«Активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке 630 млрд. теңгеден астам сомаға ақша мен мүлікті қайтарды. Прокурорлардың актілері бойынша кеден саласында бюджет 57 млрд. теңгеге толықты, мемлекет меншігіне 5 млрд. теңгенің 140 мың га жері қайтарылды», — деп жазды Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қадағалаушы орган бұл бағыттағы жұмысты жалғастырады.
Бұған дейін Антикор Қайрат Сатыбалдыға тиесілі, құны 230 миллион доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылғанын мәлімдеген болатын.