Қазақстандықтарға дәрі-дәрмек қолжетімсіз дүниеге айналуы мүмкін

Енді қазақстандықтарға дәрі-дәрмектер қолжетімсіз дүниеге айналуы мүмкін. Себебі, фармацевтикалық препараттардың құны ай сайын артып келеді.

Жыл басынан бері барлық препараттар орта есеппен 13%-ға қымбаттаған. Мамандардың сөзінше, бұл – әлемдегі тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты. Сондай-ақ мұнда дәрі-дәрмектің шекті бағасының да рөлі бар.

Бүгінгі таңда қазақстандық көптеген азамат үшін ауыру – қалтаға тиімсіз. Себебі – фармацевтикалық өнімдер біршама қымбаттаған. Ал ЖРВИ және тұмау маусымында жалақының едәуір бөлігі дәрі-дәрмектерге кетеді.

Статистика сүйенсек 1 жыл ішінде медициналық дәрі-дәрмектердің бағасы орта есеппен 13,3% – ға өсті. Препараттардың қымбаттағанын ең бірінші Алматы тұрғындары сезді, онда дәрі-дәрмек бағасының өсуі 17,5% құраған. Одан кейін Маңғыстау облысының антирейтингінде препараттар 17,1% – ға қымбаттады. Ал Ақтөбе облысында баға 16,7% – ға өскен.

Дегенмен, дәріханалардағы провизорлар адамдардың ауыру дерегі азаймағанын көрсетеді. Сәйкесінше дәрі-дәрмек сатып алу дерегі де артқан. Оның ішінде, ел тұрғындары иммунитетке қажетті дәрумендер мен диеталық қоспаларды жиі қабылдай бастаған. Ал вирусқа қарсы дәрі-дәрмек, антибиотиктер және басқа препараттарға аналогтар іздейді.

Ақмарал Жолгелдиева, фармацевт: «Адамдар дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектерді алады, бірақ кейбір аналогтарын іздейтіндер де бар. Себебі олар арзанырақ, дәлірек айтсақ, ресейлік аналогтарының бағасы орташа қол жетімді».

Мамандардың сөзінше, кейбір дәрі-дәрмек 13% -дан әлдеқайда қымбаттаған. Оған бірінші себеп – логистика. Алдымен тауарды жеткізуде ақаулар болған. Қазір дәрі – дәрмектерді Түркия мен Әзірбайжан арқылы теңіз жолдарымен тасымалдауға тура келеді. Ал бұл бірнеше есе қымбат. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуіне дәрі-дәрмектерге белгіленген шекті бағалар да әсер етеді.

Талғат Омаров, Қазақстандағы тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы: «Белгілі бір дәрі-дәрмектердің құны көтерме компанияларға 70-80-90% береді. Бұл кейбір позициялар бойынша. Қазақстан бойынша бізде дәрі-дәрмекке деген қажеттілік 2 миллион доллардан асады, ал егер осы арифметикадан шығатын болсақ, онда миллиард үш жүзге жуық дәрі-дәрмекке кетеді, ал қалған 700 миллион долларды делдалдар алады».

Шекті бағадан жоғары сату мүмкін болмағандықтан, фармацевтер шығынға батады немесе нарықтан мүлдем кетуіне тура келеді. Ал дәріхана сөрелерінен дәрі-дәрмектердің кейбір түрлері күннен-күнге жоғалып жатыр.

Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығы денсаулық сақтау министрлігіне және бәсекелестікті қорғау агенттігіне жүгінген. Бірнеше аптадан кейін елордада фармацевтер форумы өтеді, онда сатып алушылар мен кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері көтеріледі.