QR-код электронды цифрлық қолтаңбаны толығымен алмастыра алмайды

10

QR-код арқылы қол қою тәсілі енгізілгеннен кейін электронды цифрлық қолтаңба жойылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Министрліктің айтуынша, QR-код электронды цифрлық қолтаңбаны толығымен алмастыра алмайды.
«QR-кодпен құжаттарға қол қою – бұл смартфон иелеріне құжаттарға қол қою процесін жеңілдететін балама әдіс. Бұл «EGOV Mobile» мобильді қосымшасы арқылы ЭЦҚ технологиясымен қол қою үшін құжатқа жылдам және оңай қол жеткізуге болады», – деп түсіндірді министрлік.
Қолданушылар браузердегі QR-кодты телефондағы Egov Mobile қосымшасы арқылы сканерлеу керек.
Egov Mobile-ге пин-кодты енгізу немесе биометриялық деректер: саусақ ізі, көз қарашығы, бет-әлпетті тану арқылы қол қоюға ұсынылған деректерді оқу керек.
Басқаша айтқанда, QR қол қою – бұл құжаттарға қол қоюдың қосымша әдісі ғана және пайдаланушылар үшін өте ыңғайлы шешім.