Әлем нарығын жаулап жатқан қытайлық автокөліктер енді Қазақстанда шығарылмақ. Алматыға сапарлап барған Президент зауыттың құрылысын өзі бастап беріп, еңбек ұжымына сәттілік тіледі. Ал кәсіпорын басшысы концерн жұмысын бастаса, машина арзандайтынын айтып отыр.
Қытай төрағасы Си Цизньпин екі ай бұрын елімізге келгенде көптеген маңызды құжаттарға қол қойылған. Соның бірі қытайлық көліктерді елімізде шығару. Екі ел арасындағы келісімшарт іске аса бастады. Мемлекет басшысы Алматыда кәсіпорынның құрылысын ресми түрде бастап берді.