Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кез-келген құқық бұзушылықтың, қылмыстардың алдын-алу және оның жолын кесу ерекше бақылауда болуға тиіс деген болатын. Осыған орай бүгінде Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бекітілген іс-шараға сәйкес, Әл-Фараби ауданың прокуратура өкілдері, қалалық білім басқармасы және аудандық полиция қызметкерлерінің қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдттік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сату деректерін болдырмау болып табылады.
Рейдттік шара барысында аудан аумағындағы басты көшелер бойында орналасқан орналасқан кәсіпкерлік нысандар, ойын-сауық орталықтары, ойынханалар толықтай зерделеніп, кәсіпкерлік нысан иелеріне түнгі мезгілде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді кіргізбеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы мұндай түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. Осындай ескертпелердің арқасында жастар арасындағы құқықбұзушылық деңгейі төмендеп келеді.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы басты көшелер мен саябақтар аумағында заңды өкілінсіз түнгі мезгілде 23-00 ден кейін жүрген 10-ға жуық жасөспірім анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы, 2 тармағы бойынша ата-аналарына ескерту хаттамалары толтырылды. Екінші рет қайталанған жағдайда заң талаптарына сай әрекет етілетін болады.
Аталған рейдтік іс-шаралар кестеге сәйкес алдағы уақытта тұрақты жалғасатын болады.