«Бір нүктелік» рейдтік іс-шарасы өткізілуде

35

Сайрам ауданында Түркістан облысы полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, «Бір нүктелік» рейдтік іс-шаралары жүргізілуде. Іс-шараның мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтаулары, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу.

Облыстық Полиция департаменті ЖПҚБ іздестіру тобының аға инспекторы полиция майоры Қ.Тұрсынов Сайрам АПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен бірлесе, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шара жүргізді.