Саяси партиялар қалай тіркеледі?

76

Қазақстан Республикасында саяси партияларды мемлекеттік тіркеу тәртібі 2002 жылғы 15 шілдедегі № 344 «Саяси партиялар туралы»Заңымен (бұдан әрі – Заң) қарастырылған. Осы заңға сәйкес саяси партия саны бір мың адамнан кем емес, саяси партияның Құрылтай съезін (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Бұл ретте азаматтар саяси партияның құрылтай съезінде (конференциясына) жеке өзі қатысады. Тіркеуші орган хабарламаны және жоғарыда аталған баптың 3-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарды алған күні ұйымдастыру комитетінің уәкілетті тұлғасына олардың ұсынылғанын растайтын құжатты береді.

Ұйымдастыру комитеті тіркеуші орган растама бергеннен кейін ғана өз

қызметіне кірісуге құқылы. Сондай-ақ, саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында

партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы

және астанадағы құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен

өкілдіктерінің) әрқайсысының құрамында кемінде алты жүз партия мүшесі

бар кемінде жиырма мың партия мүшесі болуға тиіс.

Саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар тіркеуші

органға саяси партияның құрылтай съезі (конференциясы) өткізілген күннен

бастап төрт айдан кешіктірілмей ұсынылады.

Тіркеуші органға Заңмен көзделген құжаттар ұсынылады.

Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу мерзімі тіркеуге өтініш берілген

күннен бастап 1 айды құрайды.

Мемлекет басшысы жариялаған 2022 жылғы 16 наурыздағы

Президенттік саяси реформалар бағдарламасына сәйкес «Саяси партиялар

туралы» Заңға саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлатуға қатысты

өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген:

— 20 мыңнан 5 мың партия мүшесіне дейін тіркеу шегін төмендету;

— өңірлік өкілдіктердің мүшелерінің ең аз санын 600-ден 200 адамға

дейін азайту;

— партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз санын 1

мыңнан 700 адамға дейін қысқарту;

— филиалдарды құру мерзімін 6 айдан 1 жылға дейін ұлғайту;

— құрылтай съезін өткізу мерзімін 2 айдан 3 айға дейін ұлғайту.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29 наурыздағы №

847 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16

наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты

Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс —

шаралар жоспарына сәйкес «Саяси партиялар туралы» Заңға түзетулерді

қабылдаудың болжамды мерзімі-2022 жылдың желтоқсаны.

Партияны тіркеу талаптарын жеңілдету оларды құру бойынша

бастамалардың артуына әкеледі, ал жоғарыда аталған жағдайларды ескере

отырып, оларды құру процесін едәуір жеңілдетеді.

Шымкент қаласы

әділет департаментінің

тіркеу қызметі

саласындағы әдістемелік

қамтамасыз ету және

бақылау бөлімінің бас

маманы

Ермаханқызы Перизат