Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқаны үшін сотқа тартылды

18

Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер таратты деп сотқа берілген А.Б.-ның ісі қаралды. Бұл туралы Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты хабарлады.

Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 104-бабымен сотқа берілген А.Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бойынша.
Азамат А.Б. 2023 жылдың 15 ақпан күні фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына Сарыағаш аудандық маслихат депутаттығына «Аманат» партиясы тарапынан ұсынылған кандидат Т.С. жөнінде көрінеу жалған мәліметтер таратып, сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында оның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтірген.
Дәлелдемелер бойынша:
Іс бойынша анықталғандай, жәбірленушінің арызымен, фейсбук әлеуметтік желісіндегі А.Б.-ның парақшасындағы скриншот (үзінділермен) және Сарыағаш ауданының орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 7 ақпандағы Сарыағаш ауданы маслихатының депуттатығына тіркелгені жөнінде куәлікпен дәлелденеді.
Прокурордың позициясы:
Іске қатысушы прокурор соттан А.Б.-ны кінәлі деп танып, оған осы баптың санкциясында көзделген жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды сұрады.
Тағайындалған жаза бойынша:
А.Б. ӘҚБтК-нің 104-бабымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 69000 (алпыс тоғыз мың) теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.