Саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау бойынша өңірлік комиссия жұмысын жалғастыруда

36

Қазақстанда дүркін-дүркін орын алған ашаршылық пен саяси қуғын-сүргiндердің тарихи бастау-бұлағына, яғни, өткен ғасырдың басындағы большевиктердің үздіксіз революцияларының түп-тамырларына қайта үңілу- бұл жазықсық атылған, ашаршылықтың құрбандарының алдындағы азаматтық борышымыз, парызымыз. Бұл өзекті мәселе Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жақында Түркістан облысы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысында жан-жақты талқыланды.

Кәмшат Тасыбекова, Түркістан облыстық мемлекеттік архиві басшысының орынбасары: «Осы бағытта жұмыс жасап жатқанымызға екі жыл болып қалды. Сырдария, Түркістан, ОҚ облысындағы  қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың құжаттары зерттеліп 2085 -нің құжаттары ақталуға ұсынылды. Байларды кәмпескелеу бойынша 3 мыңнан астам отандастарымыздың құжаты  әзірленді».

Жұмысшы тобы Тәркілеу кезіндегі байлардың адам бостандығы және өмір сүру құқығы үшін күресі. Осы күнге дейін жарияланғаны бар, жарияланбағаны бар осы сарындас көптеген арыз-шағымдардың мәтінін терең зерттеу арқылы, орталық советтік билік пен оның жергілікті өкілдерінің заңсыз әрекеттерге баруының басты себептері мен салдарын айқындап, байлардың әділеттілік үшін күресіне объективті тұрғыдан баға берілуі тиіс деп есептейді мамандар.

Президенттің «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін зерделеу және шешу» туралы Жарлығын іске асыруда тер төгіп жүрген зерттеуші-ғалымдардың, архив мамандарының ерен еңбегі ақталып, тарихи әділеттілік салтанат құрсын, азаттық пен тәуелсіздік жолындағы ақталмаған күрескерлердің есімдері елдің жадында мәңгі сақталсын, жас ұрпақтың тарихи санасы одан әрі жетілдіріле түссін дейді кейіпкеріміз.