Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды кімдер жүргізетіні белгілі болды

63

2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізетіні туралы хабарлар келіп түскен. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық сайтында жариялады.

Олар:
1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) – «face to face» сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI);
2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі – «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы – Профильді онлайн платформаны қолдана отырып, «face to face» сұхбат алу әдісі;
4. «Демократия институты» Ғылыми-зерттеу қауымдастығы – «face to face»сұхбат әдісі;
5. Астана – Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» – дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
6. Исследовательская группа DAMU RG – CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing);

7. «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты – дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).
Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.