Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық оң өсім байқалады

68

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қаңтар-қазан айындағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасады. Жиында Шымкент қаласынды барлық сала бойынша өсім бары анықталды. Сондай-ақ, атқарылуға тиіс межелерді орындауда елімізде көшбасшы өңірлер қатарында екенін тілге тиек етті.

Расында соңғы әлетте шымшаһардағы өндіріс ошақтары өнім өндіруде алдыңғы лекке шықты. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында да қарқынды даму бар. Отандық өндірушілер қатары артып келеді.

Нақтырақ айтқанда өнеркәсіп өнім көлемі 750,3 млрд.теңге жетіп, нақты индексі 105,8 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 107-ні құрап отыр. 403,2 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда меже 18 пайызға айтқан.

Қаламызда 599 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал жалпы саудағы табыс 1 578 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 14,8 пайызға өсті.

Бизнес климаты тұрақты, тұтынушылар қатары көп аймақ болған соң инвестиция тарту мәселесінде де күрделілік жоқ. Мәселен, нвестиция көлемі 403,2 миллиард теңге болып, 18,3 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 93 миллиард теңге, жеке көздерден 310,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 150 миллиард теңге немесе 138,6 пайызды құрады.

Бүгінде үшінші мегаполис алып құрылыс алаңына айналып отыр. Шаһардың о шеті мен бұ шетінде мойнын көкке созған алып крандар менмұндалайды. Демек құрылыс қызу жүргізіліп жатыр деген сөз. Расында әлеуметтік салаларда мәселен мектеп пен емхана құрылыстары да биыл қарқын алды. Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үй құрылыстарының да көрігі қызып тұр.

 Жалпы сауда көлемі 1 578,3 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 14,8 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 482,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі 112,1 пайыз, көтерме сауда 1 091,3 млрд. теңге, 116 пайыз.
Жалпы көлік көлемі 258,0 млрд. теңге болып, 107,7 пайызды құрады. Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 1,0 пайызға, жүк айналымы 4,6 пайызға артты. Байланыс қызметі 6,9 млрд. теңгені немесе 105,0 пайызды құрады.