Шымкентте Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

39

Шымкентте Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда сапалы аяқ киімді қолжетімді бағамен сатып алуға болады. Барлық аяқ киім шынайы былғарыдан, іші қой терісінен жасалған, сырғанауға қарсы табан және су өткізбейтін негіз. Жәрмеңке Мәделі Қожа көшесіндегі көркемсурет галереясының ғимаратында өтуде. Ол қарашаның 3-і мен 11 -і аралығында жалғасады.

Наталья Бурмистрова өзіне ұнаған аяқ киімдерді таңдап, мұқият өлшеп көруде. «Шымкентте белорусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтетінін балаларымнан білдім. Келгеніме өкібедім,- дейді қала тұрғыны.

Наталья Бурмистрова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Біз әйелдер әдемі киінгенді жақсы көреміз. Сонымен қатар, белорусь аяқ киімдері өте ыңғайлы. Мен әрбірін киіп көріп, байқадым. Ассортимент те, көздің жауын алады. Жиі келіп тұрса екен. Жарайсыңдар».

Беларусь аяқ киімінің жәрмеңкесінде 36-дан 43-ке дейінгі әйелдер аяқ-киімдері, ерлердікі 40-тан 49-ға дейінгі өлшемдегі аяқ киімдер ұсынылған. Жаз, қыс мезгіліне және маусымдық. Аяқ киім негізінен проблемалы аяқтарға арналған. Сүйегі шығыңқы, кең жіліңшік, жалпы ортопедиялық аяқ киімдер.

Алена Сотскова, сату жөніндегі менеджер: «Біз сіздердің шаһарларыңызға бірінші рет келіп тұрған жоқпыз. Адамдар бізге сапалы әрі қолжетімді баға үшін келеді. Аяқ киімдердің барлығы таза былғарыдан, іші қой терісінен жасалған, табаны сырғып кетпейтін, су өткізбейтін негіз. Екі жұп  аяқ киім сатып алғанда, жақсы жеңілдік жасаймыз. Келіңіздер . Біз қуана-қуана қарсы аламыз».

Шымкенттегі Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі 3 қарашадан бастап 11 қарашаға дейін жалғасады. Мекен жайы Мәделі Қожа, 2Б көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығына қарама-қарсы орналасқан көркемсурет галереясының ғимараты. Айта кетейік, ең талғампаз деген тұтынушының өзін таң қалдыра алатын аяқкиімдер жәрмеңкесінде, тұрақты алушыларға арнайы жеңілдіктер де қарастырылған.

Акцияны ұйымдастырушы: ИП Макулов Сабыр Кадырович KZ56UWQ02390073