Шымкентте Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

127

Шымкентте Беларусь аяқ киімдерінің үлкен жәрмеңкесі жүріп жатыр. Мұнда келген әрбір тұтынушы таза былғарыдан тігілген сапалы аяқ киімді қолжетімді бағада таба алады. Сатылымда 700-ге тарта аяқ киімнің кең ассортименті бар. Айта кетейік, жәрмеңке Мәделі Қожа көшесіндегі көркемсурет галереясының ғимаратында желтоқсан айының 8 мен 11 аралығында өтеді.

Қала тұрғыны Юлия Хохлова сапалы өнімдер жәрмеңкесі жайында ғаламтордан естіген. Ол керемет жеңілдікті жіберіп алмау үшін арнайы келіп, өзінің ойынан шыққан аяқ киімін сатып алмақшы. Етіктердің бірнеше түрін қарап, киіп көрген ол Беларусь аяқ киімдерінің өте сапалы екенін айтады.

Юлия Хохлова, Шымкент қаласының тұрғыны: “Жәрмеңкенің біздің Шымкентте өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Өйткені Беларусь өнімдері өте жайлы, барлық талаптарға сай сапалы және бағасын да қалтамыз көтереді”.

Айтулы жәрмеңкеде әйелдер үшін 36-дан 44-ке дейін, ал ерлерге 40-тан 49-ға дейінгі өлшемді аяқ киімдер ұсынылған. Мұнда жылдың барлық мезгіліне арналған тауардың кең таңдауы бар. Айта кетейік, бұл дүкенде көбіне проблемалы аяқтарға арналған жалпы ортопедиялық аяқ киімдер сатылады.

Алена Сотскова, сату жөніндегі менеджер: “Біз сіздердің қалаларыңызға бірінші рет келіп тұрған жоқпыз. Адамдар бізге сапалы әрі қолжетімді баға үшін келеді. Аяқ киімдердің барлығы таза былғарыдан, іші қой терісінен жасалған, табанында сырғып кетпейтін, су өткізбейтін негізі бар. Өнімнің жаңа жиынтығында 700 жұп аяқ киім бар”

Шымкенттегі Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі желтоқсанның 8 мен 11 аралығында жалғасады. Сапалы аяқ киімдер әлемі Мәделі Қожа көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығына қарама-қарсы беттегі көркемсурет галереясының ғимаратында орналасқан.

Акцияны ұйымдастырушы: ИП Макулов Сабыр Кадырович KZ56UWQ02390073