Шымкенттегі кезекші ХҚО жаңа мекен жайда жұмыс істейді

39

 

Бұған дейін Қаратау ауданы, Төлеметов көшесі, 35 мекенжайында орналасқан кезекші ХҚО енді Мәделі Қожа көшесі, 16/1 ғимаратында қызметалушыларды қабылдайды.

Кезекші ХҚО сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), ал сенбі күні 09:00-ден 13:00 дейін жұмыс істейтін болады.

Еске сала кетейік, кезекші автоХҚО әдеттегі кесте бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі күні сағат 13:00 дейін жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер онлайн форматта қолжетімді. Оларды Egov порталы, Egov mobile мобильдік қосымшасы және @Kenes1414Bot телеграмм-бот арқылы өз бетінше алуға болады