Шымкенттік тұрғын әлеуметтік пәтер алу үшін 2 млн. теңгесінен айырылды

97

Шымкенттік тұрғын мемлекеттік бағдарлама негізінде үй аламын деп, екі миллион теңгесінен айырылды. Ол Әл-Фараби АПБ-на 7 жылдан бергі танысы пәтер алып беру үшін 2 млн. теңгесін заңсыз иемденгенін айтып арызданған.

Күдікті жәбірленушіге Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріліп жатқан пәтерлердің бірін алып беруге уәде берген.

Бұл дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде 36 жастағы тұрғыны ұсталып, сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.