Студенттік жатақхана салатын инвесторларға жеңілдік жасалады

129
Жатақханадағы студенттер

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен оқу-ағарту министрлігі жоғары оқу орындары мен колледждерге жаңа жатақханалар салу немесе жұмыс істеп тұрған жатақханаларды қайта жаңарту үшін инвесторларға жеңілдік жасайды, деп хабарлайды Ғылым және білім министрлігі.

Алдын ала жасалған келісімге сәйкес 2025 жылға дейін 75 жаңа жатақхана салу жоспарланған. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартылды.

Мемлекеттен берілетін төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Жалғыз шарт 20 жылға дейін объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге болмайды.