Түркістан облысының әкімі Түркиялық «Işiklar Holding» компаниясымен онлайн режимде келіссөз жүргізді. Онда екі тарап Түркістанда ашылатын жаңа нысанның жобасын талқылады.
Түрік компаниясы Түркістандағы браунфилд аумағында құрылыс материалдарына арналған қаптамалар шығаратын зауыт ашуды көздейді. Ол үшін инвестор бұл жобаға 12 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Құрылыстың бірінші кезеңінде 5 млн. доллар көлемінде инвестиция салып, 50 адамды жұмыспен қамту көзделген.
Келіссөздер сәтті аяқталып, инфрақұрылым мен жер әзірленсе, жоба 2023-2024 жылдары салынып бітеді. Ал өңір басшысы арнайы экономикалық аймақта инвестоларға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.