Бүгінде Түркістандағы 2019 жылы құрылған “Жасыл белдеудегі” 13 629 га жерге көшет егіліп, күтіп-бапталып жатыр. Алдағы уақытта бұл аумақты 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ қазір күнгей өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағында саябақтар мен аллеялардың көлемі артып, 495 гектарға жетті. Оған қоса, қала аумағында көгалдандырудың жаңа технологияларын қолдану нәтижесінде көшеттердің өнімділігі артып, газондардың жақсы өніп-дамуына қол жеткізілді.
Бұдан бөлек, облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 30 миллион данадан астам әртүрлі орман ағаштарының көшеттері өсіріліп жатыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 60 миллионға жеткізу көзделіп отыр.