Ұн өндірушілердің экспортқа жұмсалатын шығыны өтеледі

33

Ұн өндірушілердің экспортқа жұмсалатын шығыны өтеледі. Вице премьер, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қостанай жұртшылығымен кездесуінде осылай деді.

Диірмен кешендері терең өңдеуге , яғни дайын өнім шығаруға бетбұрыс жасауы керек. Мұның бәрі отандық өнімнің шетелдегі бәсекелестігін арттырады. Алдағы уақытта Қазақстан үшін жаңа нарыққа жол ашылады. Соның бірі — Парсы шығанағы елдері. Қазір Қостанай облысында отызға жуық ұн тартатын кәсіпорын бар. Экспорт әлеуетін арттыруға біршама кедергінің болғаны рас. Оған қоса темір жол тасымалы көптен бері тұралап тұр.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі: «Шағын нарықта қыруар пайда таппайсың. Ауғанстан бес миллион тонна, ал Өзбекстан жеті миллион тоннадай дәнді-дақыл жинайды. Яғни, өздерін толық қамти алады. Есесіне астықты экспорттайды. Сол себепті ұнды терең өңдеуге баса мән берген дұрыс. Мемлекет бұл бастаманы барынша қолдайтынын ескертемін».