Электр желілерін жаңғырту үшін 630 млрд. теңге жұмсалмақ

39
"Түркістан" қосалқы станциясында реконструкция жүргізілуде

Елімізде электр желілерін жаңғырту үшін 2025 жылға дейін 630 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Ведомства мәліметінше қазір ел бойынша электр желілерінің тозуы 67 процент. Кейбір аймақтарда тіпті 80 пайызға жеткен. Электр бағаналарының, сымдар мен кабельдердің ескіруінен түрлі апаттар да көбейіп, тұрғындардың жарықсыз қалуы жиілеген. Енді бұл салаға 2025 жылға дейін 630 миллиард теңге инвестиция тарту көзделген. Сөйтіп, тозған желілер қалпына келтірілмек.