Арыс қаласында 200-ге тарта отбасына көгілдір газ берілді

28

Арыс қаласындағы Алатау тұрғын алабына табиғи газ берілді. Қалаға көгілдір отын кіргізу барысы үш кезеңге бөлінген.

Ол үшін Арысқа Ордабасы ауданындағы №19 «Темірлан» АГТС-нан газ құбыры тартылып жатыр. Қазірге дейін 41 шақырым құбыр жүргізілді. Сонымен қатар қала ішінде 15,6 шақырым жеткізгіш газ құбыры орнатылып, 6 дана газ реттеу пункті қойылды. «Алатау» тұрғын алабында 185 тұрғын үй бар.

Қазір аталған аумақта абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғыны Досан Жиенбай көгілдір отын келгеніне өте қуанышты екенін жеткізіп, жерлестеріне өз батасын берді.