Біздің мұнай енді Германияға экспортталады

57
фото 7күн.кз

Қазақ мұнайы енді Германияға экспортталмақ. Екі ел осындай келісімге келді. Қара алтынның алғашқы партиясы Еуропа еліне келесі айда тасымалданады деп жоспарланған.

Мұнай «Достық» құбыры арқылы экспортталуы мүмкін. Қазір бұған қатысты түрлі техникалық мәселелер шешіліп жатыр. Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан Германияға жылына 5 миллион тоннаға дейін шикізат тасымалдауға дайын екенін айтқан.

Ал Германия тарапы мұнайды санкция құрсауында қалған Ресейден емес, Қазақстаннан сатып алғысы келетінін хабарлаған болатын.