Елде көмірсутек шикізатын барлауға тартылатын инвестиция азайды

43
Әкімдіктерде жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты жұмысшы топтар құрылды

Елде көмірсутек шикізатын барлауға тартылатын инвестиция көлемі 2 есеге азайды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің хабарлауынша, бұрын бұл сома 140 миллиард теңгені құраса, қазір 80 миллиардқа да жетпейді.

Сондай-ақ саладағы цифрландыру процесі өте баяу жүріп жатыр. Салдарынан зерттеу жүргізетін учаскелер туралы ақпарат, мүлдем аз болып тұр. Ғалымдар да барлауға қатысуға аса қызығушылық танытып жатқан жоқ. Министрдің айтуынша, қазір геологияда негізінен зейнет жасына жақындап қалған мамандар жұмыс істеп жатыр. Оқу бітіріп келген жастардың біліктілігі, қойылатын талаптарға сай келмейді ,- деді министр.

Саладағы проблемаларды шешу үшін 2027 жылға дейінгі тұжырымдама қабылданды. Сондай-ақ пилоттық режимде Каз-недра порталы іске қосылды. Жыл соңына дейін оған 30 мың геологиялық есеп жүк-теледі. Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі: — Кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету мәселелері салаға айтарлықтай әсер етеді. Бізде арнайы бағыттағы мамандардың жетіспеушілігі айқын көрініс табуда. Қазір тәжірибелі геологтардың орташа жасы зейнеткерлік жасына жақын. Ал жас мамандар саны мен сапалық құрамы сұранысты қанағаттандырмай отыр.