Отбасылық жанжалға байланысты шақыруға келген полицейлер тұрғынның үйінен көкнәр тапты

21

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, отбасылық жанжал туралы хабарлады. Шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторлары, үйдің ішінен есірткіге ұқсас өсімдікті байқайды. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырды.

Тексеру кезінде жедел уәкілдер, тұрғынның ас үйінен құрамында есірткі заты бар 8 түп өсімдікті тапты. Полицейлер заттай дәлелдемелерді сараптамаға жолдады. Бұдан әрі қарай оқиғаға байланысты толыққанды тексеру жүргізу үшін күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, криминогендік жағдайды жақсартуға, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.