Шымкент – инвестиция салуға ең қолайлы қала атанды

26

Шымкент – инвестиция салуға ең қолайлы қала. Үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жүлде табыс етті. Соңғы жылдары қалада бизнесті жүргізу шығындарын азайту, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, салық және тарифтік саясаттың сапасын арттыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылып келеді.

Қазіргі таңда қалада жалпы ауданы 886 гектар болатын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді. Онда Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Еуропа, Орта Азия, Өзбекстан сияқты елдерден қазақстандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен 250 жоба іске асырылып жатыр.

Бұған қоса, 749 гектар алаңда тағы 4 жаңа өнеркәсіптік алаң құрылуда, онда корпоративтік табыс салығын, жер салығын, мүлік салығын, кедендік баждардан босату сияқты жеңілдіктер қарастырылған.