Шымкент: Пәтерінде есірткі заттарын жасырған азаматша құрықталды

33

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын жасырған 41 жастағы азаматшаны құрықтады.

Қарау барысында оның тұрғылықты мекенжайынан полиэтиленді пакетке салынған ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» есірткі заты екендігі нақтыланып, жалпы салмағы 101 грамды құраған.
Тергеу барысында азаматша аталған есірткі затын өзінің үйінде ары қарай өткізу үшін жасырғаны белгілі болды.
Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері есірткімен байланысты кез-келген заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жаупкершілік көзделгенін ескертеді.