Полицейлер күдіктілерден қару-жарақ пен есірткі заттарын тәркіледі

36

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, атыс қаруын заңсыз сақтаудың кезекті фактісін анықтады. Жедел уәкілдер қабылданған шаралардың нәтижесінде, үйінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақтаған Жетісай ауданының екі тұрғынын, яғни әкесі мен ұлын анықтады.

Полицейлер олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде, «Юнкер» маркалы тіркелмеген қару, 16 калибрлі аңшылық мылтық, түрлі калибрлі патрондар, сондай-ақ дубинка мен есірткі заттарын тауып, тәркілеп алды.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдайлар анықталуда.