Шымкентке ерекше шоу бағдарламасымен әйгілі Ю.Никулин циркі келді

36

Шымкент циркіне мәскеулік әртістер келді. Аты аңызға айналған Никулин циркі керемет көңілді шоу ұсынбақ. Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарын көлік жүргізетін аюлар, гимнасттардың қызықты қойылымдары, көңілді сайқымазақтар мен музыкалық нөмірлер күтеді.

Шымкентке аты аңызға айналған Никулин циркі келді. Керемет шоуды тамашалауға жүздеген қала жұртшылығы жиналды. Мәскеулік өнерпаздар тұрғындар назарына бір жарым сағаттық жаңа жылдық бағдарламасын ұсынды. Ал көлік жүргізген аю көрермендер көрермен көзайымына айналды.

Бұл қойылымды команда мүшесі Ольга Кудрявцева дайындаған. Аюды көлік жүргізуге үйрету үшін жаттықтырушы үш жыл уақыт жұмсаған. Сахнада барын салған жануарлар сақиналармен шебер өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ольга Кудрявцева, «Цветной бульвар» Никулин циркінің жаттықтырушысы: «Мен жай ғана көрсетемін, жол сілтеп тұрған әртіспін. Ал аю көрермендерге ұнайтын ерекше трюктарды жасайды. Біз аңдардың не істей алатынын көрсетеміз. Ал көрермен аюдың көлікті өзі жүргізіп бара жатқанына көз жеткізу үшін картинг машинасын қолданамыз. Мен сізге бірден құпияны айтайын, аю көлікті оталдырмайды және педальды баспайды. Аю тек рульді басқарып отарады»

Келушілерді әуе гимнасттары мен арқанмен жүрушілердің өнері таң қалдырды! Қала тұрғындары әртістердің шеберлігі мен мол мүмкіндігіне қайран қалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Шымкенттіктер Никулин циркі ұжымын зор қошеметпен қарсы алады. Ал әртістер ерекше атмосферада, көптен күткен көрерменіне керемет көңіл күй сыйлайды.

Роман Алиев, Никулин циркінің техникалық директоры: «Бізде арқанмен өнер көрсетушілер, үйретілген иттер, сәнді сайқымазақ дуэті, музыкалық сайқымазақтар бар. Дәл осындай жұмыс істейтін музыкалық сайқымазақтарды жиі кездестіре алмайсыз. Жалпы, бағдарлама туралы айтатын дүние көп, ең бастысы келіп, тамашалап көрген дұрыс. Осында Аяз ата мен Ақшақармен жаңа жылдық қойылымды арнайы дайындадық. Демек, бұл спектакль таза цирк қойылымы емес, жаңа жылдық шоу болмақ».

Никулин циркі сегізінші қаңтарға дейін Шымкент тұрғындарын күтеді. Аты аңызға айналған, бірегей жаңа жылдық шоудың билеттерін цирк кассасынан немесе онлайн түрде kassir.kz сайтынан сатып алуға болады.

Байланыс телефоны: 8-771-355-49-00
Мекен жайы: Бауыржан Момышұлы даңғылы, 43/2